вторник, 9 апреля 2013 г.

2013 жылғы мектеп бітіруші түлектерге тілек!

 Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едіңдер, бүгін міне он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалдыңдар.
 Үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар. Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқаңдар! Жоғары оку орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңе тілектеспін. Таңдаған мамандықтаыңның мықты маманы, кәсіпқойы болыңдар! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңе тілектеспін!
 Бәрімізде бір мектептің түлектерімізбіз. Мектебіміздің ұсстаздарына үлкен алғыс, біздей шәкіртті тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқандарына.
 Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, окыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман-тілегіміз ортақ. Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын!

Тілек!
Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –
Жұлдыздары жүректің жетілдіндер бұл күні!
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!

Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,
Барлығынды кеудеме басып, қысып сүйемін.

Сендерсіндер тірліктің желкілдеген құрағы,
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!
Тойға ұлассын тойларың – ту қадандар биікке,
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.

Оралындар отыздың ортасына толғанда,
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың-арманға.
Ел-жұртың бар тілектес, жьнылма өмір-егесте,
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға!




Комментариев нет:

Отправить комментарий